Сұлтанайға

7015314-shiny-love-hd-wallpaperҰлым, сенің иісің неткен керемет,
Мұрныма әкеп тақағандай гүл себет.
Қайталанбас, балауса иіс тұрғанда,
Небір қымбат әтірлерің не керек?

Үміт күтем қадам басқан алдыңнан,
Сенім гүлдеп қабығынан жарды дән.
«Көптің бірі, к-тің кірі» болма, ұлым,
Жасын оқтай сөзің болсын жалыннан.

Мен жетпеген армандарға сен жетіп,
Тасқын сөздің тамшыларын селдетіп.
Асау, адал арыныңа жан жетпей,
Тек шындықтың жалында жүр желдетіп.

Жалтақтама жамандарға арамза,
Арам ойды айқастырма қаламға.
Бұл дүниеде жауып өткен жасырып,
О,дүниеде ашылады «жараң да».
Осыны, ұлым, ойлы көзбен бағамда.

Жалт-жұлт еткен жарық сені шақырар,
Сұлу күлген ертең бөрі атылар.
Сылқ-сылқ еткен сұлу емес, тек елес,
Қусаң болды тереңіне батырар.

1 жасқа енді толсаң да ойлы көзің бар,
Сенде ерекше ұғып тұрар сезім бар.
Халық үшін жанын салған ұл болсаң,
Тұғырында тұрар бақыт кезім бар.

0_b1f2f_c68a702_orig

Пікір үстеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif