Сағынып жарқын бейнеңді

Сағынып жарқын бейнеңді,
Құлазыр көңіл-күйге енді.
Ақылыңды айтар ма ең,
Өмірден көрген, түйгенді.
Әкешім, бізге жоқсың сен,
Аспанда қалқып отсың сен.
Иманың болсын жолдасың,
Оқимын Құран мен білген.

Ардағым едің, асқарым,
Биігім едің, аспаным.
Қайрылмай кеттің біздерге,
Әкемен өмір қас қағым.
Шара бар ма тағдырға,
Жаратқанның ісіне.
Жұмақтан орын алдыр да,
Жиі кір менің түсіме.

Әкешім, сені сағынам,
Өзіңді ойлап жабығам.
Көңілімді басамын,
Көңілсіз түрде салып ән.
Жұмақтан орын бұйырсын,
Иманың жолдас жиылсын.
Мақтанып айтар ісіңді,
Артыңда қалдым, қиын шын.

Күттің бе менен көп үміт,
Басқанда қадам жүгіріп.
Бұлыңғыр бейнең келеді,
Кеткенде өмір түңіліп.
Ішімде сырым бүгіліп,
Күндерге күндер бірігіп.
Тұра ғой, қызым, дейсің бе,
Кеткенде кейде сүрініп.

Бір елес қалды есімде,
Ақ шаңқан түстік кезінде.
Сау ете қалды көп адам
Әжемнің жасты көзінде.
5 жаста едім шын бала,
Неге отсың, әже, мұңдана.
Олай да сұрай алмаппын,
Салыпты тағдыр бір жара.

Әкем жоқ неге, білмеппін,
Біраз кез мен де күлмеппін.
Жылатып бар жан жүріппін,
Кеудеме салып суретін.
Мені қойш бұлдыр елесің,
Еске алам кейде сен жайлы.
Бөбек боп қалған інім мен
Сіңілім нені ойлайды.

Қарғаман мүлде тағдырды,
Болмайын ессіз мен күпір.
3 кемені сүйреген,
Барына АНАМ мың шүкір.
Бақыттың кілтін іздеуде,
Жүргендерге сыр ұқтыр.
Азамат болған біздерге,
Дүниеден анау  күліп тұр.

2 комментария

2 thoughts on “Сағынып жарқын бейнеңді

  1. Журекке асер етти!!!Мен акемнен 5 жасымда калдым!!!мына оленди окыганнан кейин ериксиз козиме жас иркилди.Акешимди катты сагындым Одан бери 16 жыл отипти

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif