Мен туған жерде жасыл алқап ормандар жоқ

Мен туған жерде жасыл алқап ормандар жоқ,
Өзен, көлі сыймаған тоғандар жоқ.
Небір түрлі керемет түрлі аңдар жоқ,
Жауға қарсы соғылған қорғандар жоқ
Бірақ, достым, білесің бе біздің елде …  АРМАНДАР КӨП!

Жап-жазық сары дала менің жерім,
Аспанмен айқастырған төңірегін.
Ақжарқын, аңқылдаған ақ жүректі
Білесің бе, ол-менің туған елім.

Тастарым, топырағым борпылған,
Мен сенің құшағыңда томпылдағам.
Шалынып талай шұңқыр, сайларыңа
Тізем қанап кәдімгідей солқылдаған.

Бәйшешегің бүр жарар көктеміңде,
Білетінбіз жаз келіп жеткенін де.
Асыр салып қызғалдақ теретінбіз
Бүк түскен белестердің бөктерінде.

Кешкілік кез азан-қазан басталатын,
Мал қайтып, қазандарға ас салатын.
Балалық-ай ойынға әбден тойып
Қолды жумай дастарханға бас салатын.

Содан соң басталады түн тыныштық,
Самал жел ұмыттырар күнді ыстық.
Үш бауыр далада ұйықтап,жұлдыз санап
Менікі ол жұлдыз деп көп ұрыстық.

Сенде тыныш, ал қалада әуре-сарсаң,
Армандап ем құтылам деп сенен қашан.
Сыр бүккен тылсымыңды түсінбеппін,
Кешір мені,сары дала, кешіре алсаң.

Шетте тұрған бір биікті табамын да,
Сол биіктен жиі саған қарадым да.
Кім білген сол бір сәттің жанарымда
Ұмытылмай мәңгілікке қаларын да.

Күш алыппын сыбырлаған самалдан да,
Төсіңді жаңбыр жуып таранғанда.
Мен қалайша елеусіз жан боп қалам,
Сен секілді Арманнан жаралғанда.

Пікір үстеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif