Көп аналар балаларын бекемдеп

Көп аналар балаларын бекемдеп,
Тастап кетер көкек болып секеңдеп.
Соқа басың сопайып жүрсең егер
Ойлайсың ба бақытты боп кетем деп?

Қандай бақыт сені алда күтіп тұрған,
Жүрек жүнжіп, шығады алба-жұлбаң.
Бауыр етті өзің жұлып лақтырдың,
Ендігі кембағалсың қалтаң-құлтаң.

Әйтеуір мейірімді құрықтапсың,
Несіне еңіретіп ұрық таптың.
Жүрегін жылу салмай тас емен ғып,
Болашаққа қандай ұрпақ беріп жатсың.

Баланың балдәуренін сен ұрладың,
Жоқшылықты желеу етіп сен жырладың.
Ах, шіркін, білмедің-ау несібенің,
Сол баланың басына кеп тұрғанын.

Сен де бір Ана гүлі емес пе едің,
Сен де бастың балалықтың белестерін.
Сәбиге сол сәттерді қимайсың ба,
Еске түсір ерке күннің елестерін.

Өмір-кеме есіп келед ескектерін,
Кесіп жатсың келешек кеспектерін.
Ананың әлдиіне бой балбырап,
Еркелей, еміреніп өспеп пе едің.

Мүмкін сен жаза бастың жас көңілмен,
Қорықпа жолдардан сен тас төгілген.
Күлетін жандар күйді таңдамайды
Былай-ақ та өсекші қас көрінген.
Ұмытпа, өмір желі бір ашады,
Сасыған сұмдығыңды нас көмілген.

2 комментария

2 thoughts on “Көп аналар балаларын бекемдеп

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif