Жүрек

look.com.ua-36309

Жүрегіме жыр келеді жылатып,
Пенделіктің босағасын құлатып.
Қуанышты күйлер келер кей кезде,
Сылқым сөздің сырбаз жерін сылатып.

Алау-далау көңіл, шіркін, бұлқынар,
Ашу қысып сыртқа қарай бұлқынар.
Тыңдағанда жалғыз жүрек дүрсілін,
Асау толқын ақырындап бір тынар.

Көңіл күйдің көбесі көк жыртылар,
Ұят келіп беті-аузын шымшылар.
Көңіл бөлек, жүрек бөлек сөйлейді,
Жүрек барда көңіл өзге қыңсылар.

Жүректен тек нұрға лайық жыр шығар,
Жүрек сөзден арам көңіл тұншығар.
Жыр-өзеннің бастауы бол, жүрегім,
Сонда ғана менің сырым шын шығар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *