Айқайлағым келмейді.

155831Айқайлағым келмейді ақынмын деп,
Бір ерекше қасиетке бас идім тек.
Дұшпаным жоқ, досым көп деп жүргенде,
Болып шықты досымнан қаскөйім көп.

Деген едім басымнан сөз асырмаймын,
Қазақтың қара өлеңін қашырмаймын.
Басымнан асып жатыр кейбір сөздер,
Енді қалай найзағайдай жасындаймын.

Көтеріл күңгірт күнім түріңді өзгерт,
Шымылдырық қап-қара түн түрілсін тек.
Алдымнан алау-далау күндер шықпа,
Алып кет бақыт бақтың кемесі кеп.

Буайын қуаныштан белді бекем,
Бақыттан бас айналып қызып шекем.
Армандап мен осылай ойлап көрсем
Барлығы тек өзімнің қолымда екен.
Тырмысып шырмауықпен шынар шыңға
Бір АЛЛА қуат берсе соған жетем.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *