Айғырды артық дейді ғой бір мың байталдан

volshebstvo_1440x900

Айғырды артық дейді ғой бір мың байталдан,
Сөзіңнен сенің сенімім сынып шайқалған.
Кінәнің бәрін қалайша сенен көремін,
Күнәсізбін,
Кінәсізбін деп өзім де айта алман.

Өткен күн қайда,
күлкімен желек жайқалған,
Сезімің қайда,
Жанарыңнан байқалған.
Құшағың қайда құштарлық лебі ып-ыстық,
Сыйлаған маған жаныма жылу тыныштық.
Бүгінде, міне, ақылды апсың сайтаннан.

Әлде,
Сүріндім бе сүйеуге тұрмас сүмек боп,
Қарауға тұрмас қорқыныш тұрақ түнек боп.
Кінәм бар ма кешірмеуге тұрарлық,
Қасыңда сенің жүрсем де мұңды жыларлық.
Дейсің бе маған сүйерлік мені жүрек көп.

Айтсаңшы,
Айтып өлтір одан да,
«Қиянат қылма!» демей ме осы Құранда.
Қиянат қылып жүрген жан мүмкін өзім бе?
Қырыңнан қарап жүргенің, бәлкім, содан ба?

Бәрінен, бәрінен безіп жалықтып,
Керемет күндер келсе деп қайта зарықтым.
Көшеде өткен құшақтай жүрген жандарға,
Қызыға қарап, көзімді сатып қарықтым.
Суыған көңіл, сыйластық кеткен сөздерден,
Қайталап айтам, жалықтым, мүлде жалықтым.

Бір үміт мені ертеңгі күнге жетелер,
3 күннен соң да қиынға адам еті өлер.
Өзге адам келіп өміріңе мән берсе,
Қайрылмай артқа бақытың үшін кете бер.
Мені де үміт ертеңгі күнге жетелер.

Кінәлап жалғыз өзімді мен де қалармын,
Жарамды күрең күлкіммен көлбеп жамармын.
Жартастан құлар жасықтау жаның мен емес,
Жігерден жібек белдікті белге тағармын.
Аймалап айды, құшақтап күнді, жыл-жігіт,
Уақытқа қарап бір күні дүние салармын.

Пікір үстеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif