Кенеп тойы

Кенеп той – отыз бес жылдан кейін тойланады.
Бұл күні кенептен тігілген заттар сыйланып, кенеп дастарқан жайылады.

Тойға шақыру:
35 жыл 35 күндей жетті,
Ақ отауда бақытты гүлдер екті.
Той келді думандатар шаттық шалқып,
Шаңырақтың түндігін күндер өпті.

Тойға шақыру:
Келіңіздер ойымызға, ал, халайық,
Қуаныштың иесін алқалайық.
Бұл шаттық бұйырсын деп барша жанға,
Тойымызға шақыра жар салайық.

Құттықтау:
35 жыл бірге еңсеріп бірге көріп,
Балалардың бақшасын бірге қорып.
Ұлағатты ата мен Әже болдың,
Мәңгілік бақытыңа бірге жолық.

Құттықтау:
Бірге көрдің арқа тосып қиындық,
Тойларыңа бақыт тілеп жиылдық.
Ошағыңның оты лаулап өшпесін,
Сендерге арнап тілек тілей сыйындық.
Мейірімнің шашып нұрлы шуағын,
Не көрсеңде бірге көрдің көтеріп.
Еселенсін жыл өткенде қуатың,
Шаттық толсын шаңыраққа гүл еніп.
Махаббаттың мәңгілік үлгісіндей,
Тәрбиелі отбасының түр-түсіндей.
Болдыңдар елге сайлы шатты жандар,
Жүріңдер мәңгі бірге бір күрсінбей.

Құттықтау:
Қиындықты кешіп өтіп елемей,
Бірге шаштың өмір-дәнді себелей.
Бақыт құсы шаңыраққа кеп қонсын,
Бірге жүзің теңіздерде кемедей.

This entry was posted on 15.01.2016. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.