Жолдасыма құттықтау өлеңдер

Жолдасыма

Арқалайсың ауыр жүкті көтеріп,
Отбасының қуанышын, ауырын.
Барлық жанның мұқтаждығын еңсеріп,
Қалай бәрін көтеріп жүр жауырын.
Еркелетіп ұл-қызыңды, мені де,
Жақсы істің жанында көп жүресің.
Жомарт жансың қадірлейміз сені де,
Қуансаң тек отбасыңмен күлесің.
Ауырмағын отбасыңның бағына,
Жол жүргенде жетесің-ау сағына.
Арқалаған көп үміт пен бір арман,
Биік шынар сая болар бағына.

Туған күнің құтты болсын, жолдасым,
Бір Жаратқан өзіңді әркез қолдасын.
Шыр-пыр болған отбасы үшін, ардағым,
Өмір саған бақытты сәт жолдасын.
Ауырма, шаршама да, қияға ұш,
Қырандай еркін дала ауасын құш.
Арыстандай айбынды жігер болып,
Жолбарыстай жойқынды талмасын күш.

Аяулы әке, адал жолдас біз үшін,
Біздің үйдің жарық сыйлар күнісің.
Бар жауапты істің бәрін тез шешіп,
Үйдің ішін арай қылған, күмісім.
Алдыңда жарық берер жолың болсын,
Абыройдан тігілген тоның болсын.
Достарың 100-ден асып қаумаласын,
Қуаныштан әр күні қойның толсын!

Айбыныңнан жауың ықсын, арыстан,
Жеңіс туың желбіресін жарыстан.
Төзім-тұлпар саған ғана бас біліп,
Атағыңды жандар білсін алыстан.
Ақыл-күшің тасып жұрттан қалыспан,
Шыншылдығың болсын қалмай қарысқан.
Отбасына нағыз үлгі, отбасы,
Ағайының ат арылтсын алыстан.

Мені сүйген жүрегіңнен айналдым,
Бақ тілеген тілегіңнен айналдым.
100-ге де жет қуат-күшің сарқылмай,
Саған да мен ақ ниетті байлармын.