Жан жарыма құттықтау өлеңдер

Жан жарыма

Сені ойлағам бір кездері түн бойы,
Сені ойлағам бір кездері күн бойы.
Арманым да болып едің сол кездер,
Енді, міне, болып жатыр шын тойым.
Аққуымсың аялаған көлдегі,
Қызғалдақсың құлпыратын белдегі.
Сенің орның әсем орын таңдаған,
Жүрегімнің ең жоғарғы төрдегі.
Денсаулығың мықты болсын, ақ гүлім,
Жарық берер қараңғыда ақ түнім.
Армандарың орындалсын алдамай,
Сүрші адамның ең бақытты тағдырын.

Туған күнің құтты болсын, арайлым,
Қуанышты жүзіңе көп қараймын.
Өмірдің бір биігіне жетумен
Ардақты әже болғаныңды қалаймын.
Бақытыма, жақұтыма санаймын,
Сен күлгенде шуақ болып тараймын.
Барлық әлем жақсылығы бұйырсын,
Туған күнің құтты болсын, арайлым.

Бүгінгі күн өзгерек басқа күннен,
Тілегімді айтармын асқақ үнмен.
… жасқа келіп жатыр аяулы жар,
Асаба тойымызды басқар жырмен.

Балалардың нүрысың тіреуісің,
Менің де дем беретін сүйеуімсің.
Жаратқанға мың алғыс берген сені,
Сен дегенде тасиды білеу күшім.

Әлемде тілектер көп небір түрлі,
Көркем көңіл тілейтін бақыт күнді.
Лайықсың одан да  артық ақ тілекке,
Көмкерсем бе жиып әкеп барлық гүлді.
Бір сен деп іздесем бе бақыт құсын,
Іздесем бе сен үшін тақұтты шын.
Бақыт, тақұт барлығы қолымда екен,
Онда, жарым, бақыттысың, бақыттысың.
Нөсер жаңбыр, қатқыл қарды бір кешеміз,
Кеменің екі ескегін бірге есеміз.
Ауырлық алты қырдан әрман өтсін,
Қуаныштан құралады гүл-дестеміз.