Ерекше сыйлық түрлері.

Туған күнге немесе қуанышты күнге ерекше сыйлық сыйлап, есте қалғыңыз келе ме? Онда сізге осы бөлімге.

Қазір ақпарат заманы, ғаламторды ашсаңыз неше түрлі сыйлықтар түрін таба аласыз. Таңдау да кең, уақыт та көп кетеді. Солардың ішіндегі таңдаулы деп тапқан сыйлық түрлері назарларыңызға ұсынылады. Ерекше сыйлықтардың дені қолдан еңбекпен жасалғаны дұрыс. Сондықтан да бұл бетте қолөнер саласында болып жатқан өзгерістермен бөлісеміз. Өз қолыңызбен жасалған сыйлықтың бір ерекшелігі туған күн иесіне қайталанбас сыйлық сыйлайсыз, әрі өзі үшін арнайы уақыт бөліп ерекше ықыласпен жасаған ниетіңізді білдіре аласыз. Қолөнермен бірге соңғы үлгіде шығып жатқан ерекше сыйлық түрлерін де сыйға тартуыңызға болады. Ол үшін ғаламтор бетін ақтарып, біраз көз майын тауысуға тура келеді.
Сыйлық тарту етерде сыйлықтың иесіне ұнауын көздейтініміз анық. Сонымен, ерекше сыйлық түрлері:
1. Қолдан жасалған әр түрлі хош иістегі сабындар. Бұл үшін арнайы сабынның негізін (основа) сатып алып, үй жағдайында дайындайсыз. Сабынның негізімен бірге түрлі хош иістегі эфирлі майлар, майлы қосындылар, хош иістендіргіштер пайдаланылады. Үй жағдайында дайындай беруге болады, тек бір айта кететіні оңай желдетілетін бөлмеде жасалғаны дұрыс. Жабық бөлмеде ерітілген негіздің иісі көпке дейін сақталады. Сабын жасау құралдарына ғаламтор бетінде тапсырыс беріп, оңай қол жеткізуге болады.

2. Кәмпиттерден жасалған топтама. Сыйлық иесі ұнататын түрлі кәмпит, шоколадтарды сатып аласыз да, өз қолыңызбен әдемі букет етіп жинастырасыз. Пайдаланылатын құралдары: гүл сататын жерлерде сатылатын түрлі орама қағаздар, лента, таяқтар мен екі жақты скоч.

3. Жемістерден жасалатын топтама. Ең жақсы деген жеміс-жидектерді таңдап аласыз да, үйге әкеліп, әдемілеп кесе отырып жемістер жасалған десте жасап шығасыз. Жасалуы ас қиын емес, аз ғана уақыт бөлсеңіз болды, қуаныш иесін шын қуантар сыйлығыңыз дайын болады. Ю тубтан карвинг деп терсеңіз арнаулы сабақтарды тауып алып, жасап шығуға болады.

4. Тәтті тоқаштар немесе торттар. Қолыңыздан түрлі кондитерлік өнімдер пісіру келетін болса, ерекше сыйлық ретінде аса дәмді етіп торттар, пирогтар пісіріп тарту етуге болады. Торт бетіне қуаныш иесіне тілек жазсаныз сыйлық одан әрмен сәндене түседі.

5. Балалар үшін таптырмас сыйлық болып саналатын сыйлық түрі. Дүкеннен кәдімгі шоколадтар сатып алып жасалатын бұл сыйлық түрі ерекше. Жасалуы қарапайым. Шоколадты ыдысқа салып, су буына ұстап ерітіп алып, ойыншық қалыпқа құясыз. Шоколадты қалыпта тұрған күйінде мұздатқышта қатырамыз. Сыртын өз қиялыңызға қарай сәндеп, балаға тарту етсек, ерекше сыйлық ретінде қуаныш сыйлайтынымыз анық.

6. Соңғы шығып жатқан ойыншық түрлері. Бұл жерде суреттер сөйлесін.

7. Арнайы ерекше дизайнмен тігілген көйлектер немесе басқа да киім түрлері. Қолыңыздан тігін тігу келсе, өзіңіз тігіп, келмесе арнайы тапсырыспен ерекше етіп сыйлық дайындауға әбден болады. Дүкеннен сатып алынған киімдерге қарағанда, арнайы тігілген киім қашан да өз уақытыңызды сарп еткен ыстық ықыласыңыздың арқасында айырықша назарда тұратыны белгілі.

Басқа да сыйлық түрлерін білсеңіз, ой бөлісе отырыңыз. Сіздің ойыңыз бен жаңаша идеяңыз өте маңызды!

This entry was posted on 29.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.