Гүлдер сыры

iТабиғаттың бізге берген сыйы қаншама. Мөлдір аспан, таза ауа, құнарлы жер, жасыл желек, алуан түрлі аң-құстар, нулы орман, жазық дала, асқақ тау, тұп-тұнық көл, асау өзен, терең теңіз бен ұшы қиырсыз мұхит, сыңғырлаған бұлақ, барлығын тарқатып айта берсең сөз жетпестей. Не деген сый десеңізші. Осыншама сыйлық алған біздер, адамдар, жер бетіндегі ең бақытты жаратылыспыз. Табиғатқа қарап тұрып шаттана аламыз. Бізді ең көп шабыттандырып, жақындық сыйлайтын, жүрегіңдегі сөзді жеткізе алатын табиғаттың тағы бір сыйы бар, ол- әдемі де әсем гүл. Гүлге бей-жай қарау мүмкін емес, көзің түскеннен ішкі әлеміңді сазға бөленіп, жүзіңе еріксіз күлкі үйірілгенін байқамай да қаласыз. Рас, рас, гүл қуаныштың күлкісін шақыра алады. Өзіңіз гүлге қарап жылаған жанды көріп пе едіңіз, әрине, ол тек бір кездері жақын жаныңыз сыйлап сақтап жүрген гүліңіз болмаса тек. Соның өзінде жылаудан соң әдемі, жүректі жайлы қылатындай күлкі келері анық. Жүрекке жайлылық сыйлайтындай гүлдің қандай қасиеті бар сонда? Бұл сұраққа адамзат баласы сан ғасырлар бұрын жауап іздей бастаған. Олар әр гүл адамға сыйлануы арқылы сан қилы мағынаны, түрлі ойды жеткізе алады деп ойлаған. Гүлдер туралы сөз қозғап, аппақ гүлдер, ақ гүлдер туралы, әдемі гүлдер туралы, гүлдердің түрлері мен гүлдердің аттары туралы қызықты мәліметтер беріп кетейік. Гүлдер сыры туралы, гүлдер әлемі туралы, қысқасы гүлдер туралы зор мағлұмат аласыз деген ойдамын. Ал, ендеше, әлемнің әр түкпірінен сыр тартып көрейік:
Әр гүл әр елде түсі мен түріне қарай әр түрлі мағынаны береді. Мысалы:  шығыс халықтары мен гректер алқызыл түсті раушан гүлін махаббаттың белгісі деп санаса, испандықтар махаббаттың символын қызыл қалампыр гүлі деп санайды. Ресейде махаббаттың символы ретінде қызыл қызғалдақ бекітілген де, ал қызыл раушан гүлі келісім мен ымыраның белгісі, ал қызыл қалампыр гүлі болса айырылысу белгісін білдірген. Жапон елінде тіптен бөлектеу, олар да сары түсті гүлдер күн мен жақсы тілектің, сарғыш түсті гүлдер басшылық пен күштің, көк және көгілдір түстер сенім мен сағыныштың, күлгін түстер адал достық пен түсіністіктің, жасыл түсті гүлдер бейбітшілік пен тыныштықтың, ал ақ түс азалы күннің мағынасын бейнелеген. Бұған кереғар пікірде Ресйде сары түс азғындаушылық пен айырылысудың, қызыл түс адал махаббаттың,  жасыл сенімнің, көк түс сенімділіктің, ақ түс адалдықтың, қара түс азалы күннің, қоңыр түс қауіптің, сары түс абзалдықтың көрінісін береді. Біздің қазақ халқының қазіргі махаббаттың символы деп қызыл раушан гүлін, қызыл қызғалдақты сыйға беріп, ақ түсті адалдықтың, кіршіксіз тазалықтың белгісі ретінде сыйға тартатынына қарап, біздің гүл түсіне деген көзқарасымыз көршілес мемлекетке жақын екенін аңғарамыз. Және бір ескере жүретініміз, мексикалық тұрғындар қызыл түсті гүлді өлімнің белгісі ретінде қабылдайды, ал неміс халықтары болса, ақ түс пен сары түстен құралған буманы азалы күннің белгісі деп санайды. Ежелгі Рим мен Франция лала гүлін құрмет тұтып байлық пен барлықтың белгісі ретінде қабылдап өздерінің теңгелері мен елтаңбаларына суреттесе, Германияда бұл гүлді өздеріне қол салып өлгендер мен қинап өлтірілгендердің бейітінің басында ерекше күшпен жақсы өсетін гүл есебінде қабылдаса, Египеттіктер де бұл гүлмен өлген жас қыздардың денесін көмкерген. Бразилия мен Мексикада да лала гүлін сыйға алудан бас тартады. Ал, африкалық Кенияда жағдай мүлде басқа, мұнда гүл тек қайғылы қазаға көңіл айтудың белгісі ретінде беріледі.
Гүл дегеніміз не өзі? Гүл- табиғаттың сыйы. әр түрлі түстер топтасқан жиынтық. Түс- қуат көзі секілді гүлдер де біздің өмірімізге әсер етеді. Түс адамға күшті әсер етеді, тіпті ол- емдеу қасиетіне ие. Біздер тұрмыстық заттар мен киімдерді таңдағанда сол кездегі көңіл-күйімізге қарап түстерді таңдаймыз. Түстердің де беретін мағынасы ір елде әр түрлі, қатып қалған қағида жоқ.
Ендігі кезек қандай түсті гүлдерді қандай топтағы адамдарға сыйға тартуға болады деген сұраққа келеді. Бірінші;
Ақ түс-ақ түсті гүлдер көбінесе жастарға сыйланады. Бұл түстегі гүлдер тазалықтың, шыншылдықтың, жаны таза қыздарға деген құрмет белгісін білдіреді. Сонымен бірге ақ түс отбасын құру туралы ұсынысты білдіреді деген де түсінік бар. Егер жас келіннің қолындағы гүлдестені ақ түстен шоғырландырса, онда жас жұбайлардың өмірлері ұзақ, бір-біріне деген сезім, құрметтері де ұзақ болады.
Қызыл түс- тек қана махаббатың белгісі ретінде қолданылмайды, қызыл раушаннан басқа қызыл қалампыр, қызыл лала, қызыл хризантема гүлдері бар. Қызыл түсті гүлдер мықтылықты, билікті, бұла күшті сипаттайды, сондықтан да бұл түстегі гүлдер мықты мінезді, билік құмар, күш-жігері жоғары адамдарға сыйланады.
Ал қызыл гүлдер сыры. Ер адам сізге ал қызыл гүлдер сыйласа, бұл- жағымды белгі. Бұл түстегі гүлдер нәзіктік пен бүршік жарып келе жатырған махаббатты сипаттайды.
Сары түсті гүлдер сыры. Сүйіктісінен сары түсті гүл алған кейбір бойжеткендер мұны келіспеушілік  пен айырылысудың, қайғы-мұңның белгісі деп түсінеді. Шындығында, бұрынғы замандарда ер-азаматтар қыз-келіншектерге жақын арада сезімдерінің сөнетінін білдіру мақсатында сары түсті гүлдерді сыйға тартқан. Қазіргі заманда сары түсті гүлдердің бұрынғы мағынасы жойылған. Сары түс қазір адамға байлық пен бақыт тілегенде ұсынылады. Сары гүлді қуаныш пен жарқын көңілдің, батылдық пен мейірімділіктің негізінде кез-келген адамға сыйға тарта аласыз. Сары лала гүлі мен сары каллы гүлін дос құрбыларыңызға сыйға тартуға әбден болады.
Көк түсті гүлдерді құпиялылықтың мағынасы ретінде пайланады. Мұндай түсті гүлдерді сырын білмейтін, жұмбақ дүниелі жандарға сыйға тартады. Егер сіз сүйіктіңізге көк түсті гүлдер жиынтығын сыйласаңыз адал махаббатыңыз бен таза пейіліңізді білдіре аласыз.
Сарғыш түсті гүлдер мағынасы. Сарғыш түсті гүлді өзіңіздің жұмыс бабындағы бастығыңызға құрмет белгісі ретінде сыйлай аласыз. Бұл түс адамның тәкаппарлығы мен күш-жігерін мойындауды, ой-қабілеті мен қарымының биіктігін білдіреді.
Күлгін түс- байланыстырушы түс. Қайғы-мұңды бейнелейді. Сонымен бірге басымдық пен барлықты да бейнелейтін мағынасы бар.
Көгілдір түсті гүлдер тазалық, ұзақтық, шынайлықты білдіреді. Бұл түсті гүлдерді жаны таза, пәк, сұлу мінезді адамдарға сыйға тартады.
Жасыл түс-бейбітшілік, тыныштық. Жасыл түсті гүлдер көңілге тыныштық алып келетін сезім сыйлайды.

Кей кезде туған күн немесе мереке- мейрамдарда жақындарымызды құттықтауға гүл апарғымыз келеді да, бірақ таңдауға келгенде қиналып қалатын кездеріміз болып жатады. әр гүл- өзінше бір әлем, сан қилы мағына мен сан қиылы қуанышты күлкі сыйлайды. Сонымен, қандай гүл қандай мағынаға ие, тоқталып көрсек:

  Айта кететін жағдай, бұлардың баршасы адамның өз танымынан шыққан қағидалар. Бұл жазылғандарға қарап, кейбір білместікпен, бірақ шын көңілмен гүл сыйлаған адамға «осы гүл осындай нашар мағына береді екен» деп көңіліне қаяу түсіріп алмаңыз. Барша гүл біткен әдемі, бәрі қуаныш сыйлай алады.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.