Үй иесінің алғыс тілектері

Қуанышым бөлістіңдер рахмет,
Шақырғанмын жанашырым, жақын деп.
Үйлеріңде ұлы тойлар көп болсын,
Тілекшіме Жаратқаным рақым ет.
Ашық болсын аспандарың әрдайым,
Байлық, баққа толы болсын жағдайың.
Балаларың абыройды көтерсін,
Өмірдің тат ең тәттісін, балдайын.

Көп рахмет келгендерге үйіме,
Қосылдыңдар қуанышты күйіме.
100 қуаныш, 1000 қуаныш тілеймін,
Қолдан келсе сыйлар едім сый үме.
Бір болайық бірлікпенен тірлікте,
«Ищай» демей зулар жалған күндікте.
Өмір мәні- татулық пен алғыста
Бақыт нұры шалқып тұрсын түндікте.

Тойым болды қолдауымен жақынның,
Қуаныштың қазанын да сапырдың.
Қара қазан сендерде де қайнасын
Шаттықпенен таңды тойлап атырғың.

Қуанышыма ортақтасым келгендеріңе көп рахмет! АЛЛАНЫҢ нұры  жаусын! Денсаулығымыз зор болып, ағайын-туыс, жос-жаран, көрші  болып осылай араласып, құраласып қуаныштарымызға ортақ болып жүре берейік! Мендегі болған қуаныш сендерге де жұғысты болсын! Өзіме қандай бақыт тілесем сендерге де сондай бақыт тілеймін! Арман, тілегіміз, адал ниетіміз, тірлігіміз бірлікте болсын!

Құрметті халайық, ойыма келіп ат салысып, қуанышқа ақ тілек айтып жатырғандарыңызға көп рахмет! Менде болған қуаныш сендерде де 10 рет, 100 реттен еселеніп бола берсін! Ақ тілек періштенің құлағына шалынып, тойға тілеген тілектерің өздеріңе де ақ ниет болып қайтсын! Балбұл жанған көздеріңнен нұр кетпей, достық, ағайындық татулығымызға жан жетпесін!

4 комментария на «“Үй иесінің алғыс тілектері”»

  1. uldana:

    Rahmet kanday keremet sozder

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif