Зейнетке шығумен құттықтау тілектер

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
Жаратқанның нұры сізде көктеген.
Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
Көңіл деген көкркем кейіп көк дөнен.

Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,
Мына өмірде көрдің қиын талайын.
Қиын белдер артта қалып бақ келсін,
Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

Еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында аяулы әже деген атты иеленіп жүре беріңіз! Құрметті демалысыңыз 100 жасқа дейін ұлассын!

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнеті 100 есе, 1000 есе болып денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілеймін!

Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, қосағыңыздың үлдесі мен бүлдесіне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

39 комментариев на «“Зейнетке шығумен құттықтау тілектер”»

  1. Альфия:

    где стихи

  2. Алуа:

    Жазылған өлеңнің авторын және кімге арнап жазылғанын білсем бола ма, өтініш. Рахмет!

  3. маған қатты ұнады «құттықтау сөзбен тақпақ «

  4. Айжан:

    Рахмет! Өте әдемі сөздер!

  5. Айтолкын:

    Рахмет !!! Керемет Олен ! Онерин орге жузсин !

  6. Сахинур:

    Рахмет сіздерге!Шығармашылық табыс тілеймін!

  7. Батырбекова Н.:

    Әшейін ұйқастар, мен қазақ тілінің маманы емеспін. Бірақ сонда да көрініп тұр. Зымырап деген сөз адамға байланысты айтылмайды, Еленді еңбек қуанышты бәріміз, Мына өмірде көрдің қиын талайын. Не мағына көріп тұрсыздар? Түк мағына жоқ. Тиісті жалғаулар жалғанбаған, жалғаса ұйқас болмай қалады, жалғамаса мағына жоқ. Ұйқас жасап, сол үшін мағынасыз қалдырған. Бірдеңе жасасаң дұрыстап сауатты жасап, қолыңнан келмесе мамандарға қалдырған дұрыс. Арзан ақынның санын көбетпей.

  8. Батырбекова Н, көзіңізді ашып жақсылап оқысаңыз жақсы болар еді. Бірінші шумақтың соңғы тармағы мен екінші шумақтың алдыңғы тармағын қосып оқып тұрсыз.)))) Қазақ тілінің маманы болмасаңыз жайлап қана өтіп кетіңіз, мен өзімді ақынға санамаймын. Өлең шығара алмайтын жандарға көмек менікі. Дегенмен пікіріңізге, уақыт бөліп қарағаныңызға көп рахмет!

  9. Жайна:

    Керемеет! Онериниз орге жузсин)))

  10. Айсулу:

    Рахмет! Жүрекке тиеді 🙂

  11. Фуууууу оттаган фуууууhttp://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gifhttp://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif

  12. Самал:

    Рахмет !!! маган да ұнады, әсіресе өлен шұмактары. Алдағы уақытта биіктерден көріниінізге тілектеспін!!! Іші тар адамдарға мән берменіз!Сәттілік

  13. Арлен:

    Өте әдемі өлең жолдары. Ал жазылған жаман пікірлерге құлақ аспаңыз. Өзінің қолынан келмегеннен соң көре алмай кеткені ғо. ))) Еңбегіңіз алға бассын!!

  14. Гүлжамал:

    «Жаратқанның нұры сізде көктеген»
    Нұр көктей ме?
    «Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен»
    Көк дөненнің қатысы қанша бұл жерде?

    Мен Батырбекова xанымның сынына қосыламын, бірақ көңілге келер артық сөз айтудан аулақпын. Сізде, сөзсіз, ақындық қасиет бар, талабыңызға нұр жаусын демекпін! Бірақ, сынды да дұрыс қабылдай білу керек-ақ.

    • Пікіріңізге зор алғыс! Барша әлем нұрдан жаралған, көктейтін гүл де. Бұл жерде нұрды күннің нұры деп қарамасаңыз? Ал көңілді көк дөненге жалғыз мен емес, мен деген атақты ақындар өлеңдерінде пайдаланады.

  15. Сандуғаш:

    Рахмет.Маған өте ұнадыhttp://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif

  16. Сапар:

    Талабыңа нұр жаусын!

  17. Акын болмаса да сол шумактарды уйка тырганын айтсанызшы. 2 создин басын коса алмайтындар каншама

    • Сізге зор алғыс! Мені түсінгеніңіз үшін. Мен ақын емеспін, жәй арасында өлеңдер шығарамын. Тойларға өлең шығарып берші деп ұсыныс айтатын дос-таныстар бар еді. Өзі еш өлең шығара алмайды, бірақ өлеңмен ерекше етіп құттықтағысы келетін ақжүрек жандар үшін осы сайтты жасадым. Кішкене болса да көмегім тиер деген ниет қана.

  18. Ақмадияр:

    Біткен іске сыншы көп немесе есек не жемейді, ел не демейді дегендей жоғарғыдағы сыншылардың сөзіне аса көңіл аударманыз. Өзіме қатты ұнады. Рахмет. Шығармашылық табыс сізге!!!http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif

  19. Райка:

    Авторға айтарым Алғыс! Тырнақалды еңбегің,жүрекжарды сөзің,онда тұрған не бар екен!?… Әркім өз жөнін білсін.Солай емес пе?

  20. Nur:

    Иә, анамды газет арқылы құттықтайын дегенмін, кейбір сөздерді өзім ұйқастырып жаздым. Дегенмен, көмектесті, рахмет! Үстіңгі жақтағы көк дөнен, Нұр сөздерін басқадай ғып жаздым:
    Жас ұрпаққа саналы білім берген,
    Қоғамдық жұмысын да алып жүрген,
    Бірге жасап өмір-жолда мектеппенен,
    Өткен талай сынақтардан,еңбекпенен.

    Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі,
    Жаратқан нұрын төксін Сізге енді.
    Еленді еңбек, қуанышты бәріміз,
    Зейнет жаспен құлпырсын Сіздің сәніңіз!
    Осылай жаздым. Мен ақын емеспін, тек анама лайықтап жаздым. http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif