Алтын тойы

Алтын той – отбасылық өмірдің елу жылдық торқалы тойы. Мерекелік алтын сақиналар жаңа сақиналармен ауыстырылады.

Құттықтау:
Алтын таққа лайықты асыл жандар,
Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар.
Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,
Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар.
Бұйырыпты сіздерге осы бақыт,
Өміріңізбаға жетпес асыл ақық.
Тағы да 50 жылда бірге жүріп,
Болыңыздар отбасына алтын, жақұт.

Құттықтау:
50 жыл бақыт сізге бұйырыпты,
Ағайын қуанышқа жиылыпты.
Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де,
Бақыт нұры отбасыңа құйылыпты.
Өсіп-өніп көркейдің ұл-қызыңмен,
Биік тұрсың жарқыраған жұлдызыңмен.
Немерелер көбейіп өсіп-өніп,
Шөбереңмен бақытты бол, құндызыңмен.

Құттықтау:
Еңбегіңнің зейнетін көріп енді,
Отыратын ортада кезің келді.
50 жыл қыз өсіріп, ұл өсіріп,
Қиындықты тең бөліп, бірге жеңді.
Ортамызда отырыңыз қос шынар боп,
Жол сілтейтін алдымызға қос жанар боп.
Ауырмастан 100-ге жетсін жастарыңыз,
Шөпшекке де жетіңіз қос тұмар боп.

Тойға шақыру:
50 жылдық тойлануда, халайық,
Ақ тілектен бақыт отын жағайық.
50 жыл бірге отасқан ата-анаға,
Ақ жүректен адал ниет тағайық.

Тойға шақыру:
Келіңіздер, бүгінгі думан-тойға,
Бейнетті еңбек тері жуған тойға.
Ұл-қызды ержеттірген ата-ананың,
Барын шашып, белді бекем буған тойға.

This entry was posted on 15.01.2016. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.