Ақ тілек

8-қараша. Статистика күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Алаулап атар таңдар да,

Еселей түсер арман да.

Ақ моншақ күлкі шашады

Қуаныш күні болғанда.

Құшақтар толсын гүлдерге,

Ақ шуақ шашсын түндер де.

Аспаны ашық әлемнің

Бақытын жазсын күндерге.

Жанашыр адамыңызға, ағайын-досыңызға, ең қымбат жаныңызға дәл осылай тілек тілегіңіз келері анық. Туған күн немесе басқа да қуанышты күн бола қалса алдымен қандай тілек тілеп сөз сөйлесем екен ойлаймыз. Небір сөздерден маржан теріп, ойы орамды, терең ойлы сөздерді кестелесем, қуаныш иесіне тамаша көңіл сыйлап, шын көңілмен ниетімді жеткізе білсем деп ойлаймыз. Негізінде, қазақ халқы — тойшыл халық, ақ адал, ақ көңіл, сөзге жүйрік халық. Сондықтан да болар біздің көп тойларымыздың 75 пайызы тілек тілеумен өтетіні.

«Жақсы сөз-жарым ырыс» деген қазақ халқымыз сөз қадірін ерекше қадірлеген. «Өркенің өссін», «бала-шағаңның қызығын көр», «алдыңнан жарылқасын», «еңбегің АЛЛАДАН қайтсын», «таудай бол» деген тілек-ниеттер бізде күнделікті өмірімізге әбден сіңісіп кеткен. Ол сөздерді естігенде бір марқайып, көңілің көтеріліп қалады. Адамнан рахмет деген сөз есту жақсы, жоғарыдағыдай тілек есту одан да жақсы. Жақсы істердің бастауы- жақсы сөзден басталады. Біздің өміріміз ең қуанышты күн-туған күн, әр түрлі мейрамдардан құралады. Сол мейрамдардың барлығында бір-бірімізге жақсы тілектер тілеп жатамыз. Ойлап қараңызшы, әлемде бір күнде қаншама туған күн, мереке-мейрамдар, ал сол күндері қаншама тілектер айтылады десеңізші. Маған, тіпті, осы әлем тек игі тілектер мен құттықтаулар арқылы марқайып, күлімдеп тұратындай көрінеді. Сондықтан да осы сайт әлемнің титімдей ғана бір бөлшегін құрайды.

  • Cайттың жасы кішкентай. 2 жаста. Алда əлі аяқты тәй-тәй басып барып аяғын нық басып кетер белестеріміз бар. Арман көп. Сайтқа салыну керек деген тойға, туған күнге, барлық қуанышты күнге деген дүниелер жетерлік. АЛЛА бұйыртса, сайт өзінің әдемі де жан-жақты тақырыпты қамтыған сценарийлерімен, отбасыға керек кеңестерімен, жаңа бата-тілектерімен, дайындалу үстіндегі қызықты дүниелермен толықтырылады. Мақсат- саяси емес, сенсация іздеу емес, мақсат- отбасы деген, өмір деген, қуанышты той деген жандармен бірге үндесу. Сонымен назарларыңызда:

  • сіз өз өлең немесе шығармаларыңызды жазып қалдыра алатын «Қонақ кәде«

  • әр тақырыпты қозғайтын «Күнделік«

  • көмекке келер «Құттықтау сөздер«

  • барлық той-мерекені қамтуға тырысқан «Өлеңмен құттықтау»

Қымбатты, сайт қонақтары, бар керегіңізді сайттан тауып, өзгелерді ізгі тілектермен шаттыққа бөлегендеріңіз мен үшін зор қуаныш. Барлық әлем жақсылықтан бастау алады, жақсылық жақсы сөзден, игі ниеттен басталады. Бір-бірімізге жақсы ниетте болайық. Өзгеге жақсы ниетте болсаң, Жаратқан бізді ескерусіз қалдырмайды. Туған күндеріңіз әрқашанда көңілді, қуанышты күйде өтсін!

Сайт тілек тілеу тақырыбына құралғандықтан сөзімнің соңын барша сайт қонақтары мен достарына тілек тілеп аяқтағым келеді:
Ең басты байлық- денсаулығыңыз болаттай берік, бақ құсыңыз басыңызға серік болсын! Арманға созған қолыңыз мақсатыңыздың биігіне шығарсын! Жаратқанның берген бар жақсы сыйы сізді айналып өтпесін!

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.